Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, Жылағанда, жүрегімнен күн тұтылып, Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.